Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  120


Автор: Сəбит Бексейіт

Түпнұсқа

Қағажу көрiп тұрмыстан,
Өтуде ғұмыр тым қысқа.
Жыр жазсам өмiр хақында, –
Көшiрме емес, түпнұсқа.
Талшыққа молдау бiр мысқал,
Таласып көп жұрт қырқысқан.
Көк шыбын үйiр оңайға,
Қиынға салса құмырсқа.
Қағажу көрiп тұрмыстан,
Өтсе де ғұмыр тым қысқа,
Көз қимас жарық дүние –
Дидары жарқын Гүлстан!
Қағажу көрсем тұрмыстан,
Қағылсам нәсiп, ырыстан,
Тағдырды тiлдеп таусылман,
Құрымдай қурап құрыспан.
Жiгiтке мою дұрыс па,
Не шығар бекер тұрыстан?!
Көтерер нарқын өмiрдiң
Өтеуi қымбат ұрыстар.
Қағажу көрiп тұрмыстан,
Өтсе де ғұмыр тым қысқа,
Тiл жетпес тәттi тiршiлiк –
Сарқылып бiтпес Жырстан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу