Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
129
Гүл мен қыз
Өзiңдi iздеп, әсем қыз, шарладым көп…
қалармысың ғұмырлық арманым боп?
Сенiң күмiс күлкiңдi есту үшiн,
сол жатаққа
мен бiрақ барғаным жоқ.
Тұрар мүмкiн бұл өмiр кешiгуден,
сұлулыққа сұқтанып өшiгуден?
Жоғалтумен жүрмiн мен аруларды,
табылады
көңiлдiң хошы кiмнен?
Қызғалдақ деп айтқам жоқ күздiң гүлiн,
күдерiмдi ездiктен үздiм бүгiн.
Көлгiрсiген көңiлдiң терезесiн,
кесiмiмен
шындықтың бұздым… түсiн.
Iздеп әуре болғам жоқ жұлдызымды,
кешкiртiп-ақ жүрмiн-ау күндiзiмдi.
Ақын болып аруға сөз айтпақ ем,
ақымақтың қолымен
гүл де үзiлдi…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter