Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
135
Сиқырлы ырғақтар
Табиғат жыршысы –
Тютчевке таңғалдым.
Табиғат заңғар тым
және де шым терең
екенiн аңғардым.
Өмiрдiң жыршысы –
Дантеге құнықтым.
Өмiрдiң тұнық тым
және де тым лайсаң
екенiн шын ұқтым.
Махаббат жыршысы –
Хафизге сүйсiндiм.
Махаббат күй сынды
және де күйiктi
екенiн түйсiндiм.
Таңғалып, сүйсiнiп,
өскен соң жыр жаттап,
сиқырлы ырғақтар
кетпесiн кеудеден,
кетпесiн құлақтан…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter