Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
155
Тыныштық жаңғырығы
Көрiнбейтiн қабырғасың, тыныштық,
Үнсiз ғана бiздер дәйiм ұғыстық.
Жүз күлдiрер қуаныштан қытықшыл,
Тұнжыратып бiр күрсiнтер мұң ыстық.
Жаңғырығы сырларымның жасырын,
Сенсiң, сенсiң, тыныштығым – асылым.
Естiлмейтiн жаңғырыққа құлақ түр,
Тыныштыққа құштар шулы ғасырым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter