Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  159


Автор: Индира Кереева

Ақырғы нүкте

«Сен маған керек едің!»
…Жанға батты осылай демегенің…
Сені сүйген Жүрек пен
Қарашықты,
Жетер енді…
Түсінбе, елемегін!
Мінезім бұл жасытса өршеленер!
Бақытым да тек маған сенсе келер...
Сен де енді менімен амандаспай,
Бұрылмастан өтіп кет, көрсең егер…
Жүрегіңнің табылмай
әу бастан емі,
Ойың сенің әуелден басқада еді…
Алдау үшін
өтірік сөйлеспеші,
Өміріңнен өшіріп таста мені!
Қазір сені ұнатқан кезім-қайғы.
Суреттегі бейнеңді көз ұрлайды,
Өміріңді менсіз-ақ өткере бер,
Өлеңімді оқымай өзің жайлы….
Бар бәлемді мен енді сенен көрем,
Уәдеңді ұмыт
«бір күні келем» деген!
Таңдау жасап кеттің бе?
Келме енді!
Мен некемді қиғанмын Өлеңменен!
Сен үшін деп күйікті ой шеккенім ай!
«Ұнатып ем» демеші текке бұлай…
Келсең кел, келмесең қой!
Мен де сені,
Есалаңша күтіп жүр деп пе едің, әй?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу