Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
112
Жіберші, мама
Ұқтыра алармын шешеме нені?!
Мұңыма серік Күз деп мерейім:
Жіберші, Мама, көшеге мені,
Жаныма дауа іздеп келейін.
Тып-тыныш жүрген – ыңғайым ғана;
Күйін кешем бе қалтырап талдың?!
Үздіккен сырын тыңдайын, Мама,
Үзіліп жатқан жапырақтардың.
Көлеңке болып қалады қала,
Көшені көзбен аялап келем.
…Сырласқым келіп барады, Мама,
Сарғайып тұрған саябақпенен.
Кірпігімде ілініп тұр шық дара,
Жұқпайды оған
пенделік ой.
Күнә.
Дақ.
Мен деген тек…
Еріп кетер бұлт, Мама,
Жаңбыр болып жылап ап.
Жіберші, Мама
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter