Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
143
Қыс және мен
Біз қыдырған қалаға да қыс келді,
Мұң жамылып бара жатыр ел күрең.
Сен туралы жыр жазатын үстелді,
Ұнатпаймын енді мен...
Қыста мына,
сезімді аңсап көктемгі,
Өксиді өмір қарашықта көміліп.
Біз қыдырған саябақта жоқ белгі,
Қарға қалған көміліп...
Өлең етіп сен туралы түсті елге,
Жалғыз өтер өмірге де көндігем.
Сен туралы жыр жазатын үстелге,
Жоламаймын енді мен...
P.S. Сені аңсатқан осы да өмір ме екен?!
Қайтсем енді өзімді көңілді етем?!
...Таң атады.
Қу тірлік.
Күн батады,
Үміт әлсіз.
Жүрек мұз.
Сенім бекер.
Содан кейін...
Жүрегім қарауытып,
Жегідей жеп,
желкемнен қала нұқып...
Отырамын мәні жоқ кеңістікте
Шарап жұтып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter