Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  234


Автор: Серік Сейітман

Алаш арманы

Өр қазақтың азат болған санасы,
Оған куә мынау байтақ даласы.
Азат жүрген арманының жемісі –
Атырау мен Алтайының арасы.
Өр қазақтың азат болған санасы,
Оған куә ақиқаттың бабасы.
Мемлекеттік Азаттығы қазақтың –
Санадағы азаттықтың баласы.
Арман-құсы бұлтты жарып самғаған
Боздағының басы қайда қалмаған?
Қол-аяғын кісендеген саясат
Санасына құрық тастай алмаған.
Ұлы тарих беттерінен із көрдік,
Із астынан сан саяси сыз көрдік.
Ата-баба арманының жемісін
Азат елдің ұрпақтары – біз көрдік.
Қара бастың қамыменен күн үшін,
Атам қазақ жастанған жоқ қылышын.
Кешегінің арманынан пәс болса,
Арманыныңның бар болғаны құрысын.
Аласару дегенді арман білмесін,
Сол арманмен қазақ жері гүлдесін.
Арманыңды биік ұста, бауырым,
Арттағы ұрпақ лағнет айтып жүрмесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу