Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
139
Алаштың ақ таңы
Көк бөрі емізіп, баурына бөлеген,
Көк Түрік ұрпағы Көк Тәңір жебеген
Көк байрақ көтеріп,
Көгершін самғатып,
Көк аспан астында Ел болды Егемен.
Сарыауыз балапан ән салып ұяда,
Сары ала қаз ұшып билейді қияда.
Сарыарқа төсінде сары қымыз сапырып,
Сұлу қыз ұсынды серіге пиала.
Қара шал дидарын Күн сүйіп қақтады,
Қарагер тұлпарын суытып, баптады.
Ақ гүлдер ашылып, қауызын жарды әсем
Ақ пейіл Алаштың атқанда ақ таңы.
Алқакөл-сұлама, шұбырынды-ақтабан,..
Сан нәубет сары тісі қазаққа батпаған.
Қазақты қорғайды Құдайдың бір өзі,
Құдайдан оңбайды әдептен аттаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter