Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  5076


Автор: Серік Сейітман

Алаш аманаты

Бабамның көне
сырындай,
Таулардың төбе,
шыңындай
Қазақтың жаны тұп-тұнық
Талдағы таңның шығындай.
Замана, сырғып
ағарсың,
Санама сан ой
саларсың.
Таң шығын желдің өтінде
Құрғатып алсам – маған сын.
Асыл тек елге
ақ таңдай
Бала боп туған
бақ қандай?!
Қазақтың ары кірпияз
Тоқылған мақта, мақпалдай.
Замана, сырғып ағарсың,
Санама сан ой саларсың.
Мақтадай арын қазақтың
Кірлетіп алсам – маған сын.
Шапса да қайда
қиял-ат,
Кеудеме ұят
ұялап,
Аманатына алаштың
Қиянат етпен, қиянат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу