Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
129
![](/uploads/shorttexts/author_image/01.jpg)
Мен сатылсам
(алқашпен әңгіме)
Қолыңдағы шылым дейтін көзірді,
Тұтатам деп, сұрай берме оттықты.
Темекі емес, өртейтіндей өзіңді
Көкірегімде алау-жалын көп тіпті.
Адастырмас арманыңды тез екше,
Арақ құмар, өй, сенің бұл «түріңді...»
Күнделікті күйбең тірлік мезі етсе,
Ләззаты мол жырымды оқы, жырымды.
Пейіліңе қалтамнан пұл сұратпа,
«Сен» және «мен» – қайыршысы кім кімнің?
Мен сатылсам құным қымбат,
Бірақ та
Сатылмайтын байлығымын ұлтымның.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇