Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  122


Автор: Серік Сейітман

Қайрақпын

Мен білмеймін, қанша жауды жайраттым,
Қанша мыңын тоты құстай сайраттым.
Бір білерім қанын сүйген қазақпын,
Қаны қазақ қанжарларға қайрақпын.
Тығып жеген ас бола ма қазы, жал,
Күліп ішкен қара судың дәмі – бал.
Қаның ойнап тұрмаса егер, жігітім,
Жырымды оқып намысыңды жанып ал.
Баста топты!
Не күн туды көшке еріп?
Қай бабаң бар өткен жатқа дес беріп.
Сенің жүзің жалт-жұлт етіп тұрғанда,
Ата жауың ығып кетсін сескеніп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу