Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
135
Қазақ пен қарлығаш
Қазағым менің қарлығаш сынды,
Ақ пейіл, бірі ақ тамақ.
Кешсе де ғұмыр қаңғыбас сынды,
Ақтығын мәңгі сақтамақ.
Кеңестік жүйе жылан сияқты
Қос бірдей улы тілі бар.
Сыртындай іші шұбар сияқты,
Еліне жаттың сұғынар...
Қазақтан, бірақ, қарлығаш құстың
Айырмасы да көптен-көп:
Жыланнан басын қорғаштау үшін
Ысылдап бірі кеткен жоқ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter