Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
130
Серіктің батасы
(екінші бата)
Иә Құдайым, мұңсыз ет,
Бойымызды жынсыз ет.
Перзентке зар ананың
Құрсағына ұл-қыз ек.
Етегінен он өрсін,
Жетегіне он ерсін.
Пешенесі жарқырап,
Көсегесі көгерсін.
Өрісті боп өргені,
Келісті боп ергені,
Адал аспен ел бағар
Аспаз болсын ең кемі.
Бірі сұлтан сайлансын,
Бірі ханға айналсын.
Бәрі қазақ рухының
Қазығына байлансын.
Баласызға бала бер,
Санасызға сана бер.
Дәуір сайын
Алашты
Алға бастар дана бер.
Бақшамызды жасыл ет,
Патшамызды асыл ет.
Құт дарыған Жеріме
Жолатпағын қасірет.
Жоламасын қасірет,
Шұғылаңды шашып өт.
Мәңгілік Ел болуды
Қазағыма нәсіп ет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter