Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
131
Жалшының жыры
Ей, әжім бет Өмір дейтін ақсақал,
Неге жеміс салмай кетті бақша, тал?
Асып-тасып бара жатса дәулетің
Қолымдағы телпегіме ақша сал.
Ай, Өмір-ай, сабасам ба жоныңнан,..
Дәмеленбен шапаныңнан, тоныңнан.
Жылап келген қонағыңды
Жұбатып
Аттандыру келмеді ме қолыңнан?!
Тіршілікте тірілген соң қанша өліп,
Мүлде өтірік балқыдым деу бал сорып.
Құс та болса бақытты өлім қыранда,
Жаны мәңгі жай табатын тау соғып.
Түрің мынау қатқан нанды қажатқан,
Мейманыңды арылтпадың азаптан.
«Қонақ күту» деп аталар кәдені
Үйреніп ал дархан пейіл қазақтан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter