Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
159
Парыз
Шариғаттан білмейтұғын шалды аят
Өтермін мен, мен өтермін мәңгі аяп.
Қарыз деген – алғаныңды қайтару,
Парыз деген – қарыз болу алмай-ақ.
Адал болып ішіп-жеген кіл асы,
Көп алдында кем болса да кінәсі,
Мойынында қарыз кеткен момынның
Мақшар жақта кешірілмес күнәсі.
Қазақ болып сайрап жатсын әр ізің,
Қасқа жолдан тайқып кетпеу – парызың.
Парызының парқын білмес бауырым,
Қазағыңа қайтар, қане, қарызын.
Кір жұқтырма «Хас Сақ» деген әз атқа,
Осы жолда жаныңды сал азапқа.
Қазақтықты тану – парыз қазаққа,
Қазақ болып қалу – парыз қазаққа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter