Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
162
Араздықтан не табамыз ағайын...
Араздықтан не табамыз ағайын,
Кесірінен кері кеттің талайың.
Айдап салып, арандатып бір-бірін,
Қу мен сұмға толып кетті маңайым.
Жақтырмаймыз бірімізді-біріміз,
Соған қарап тұр ма екен деп күніміз.
Екі жүзді, қанағатсыз түріміз,
Екі айыр, удай ащы тіліміз.
Бір беті –күн, бір беті – түн пендеміз,
Солай тірлік етуге әбден көнгеміз.
Араласқан адамдардың өзін де,
Жақсы, жаман – екі топқа бөлгеміз.
Кеше, бүгін, ертең тағы солаймыз,
Күшті – әлсізді, қу – момынды
талаймыз.
Жанымызды – тозған кебіс секілді,
Оңашада жылап тұрып жамаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter