Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
151
Айта-айта жалыққан сияқтымыз...
Айта-айта жалыққан сияқтымыз,
Ал, айтпасақ ұятқа ұяттымыз.
Айтқаныңнан жасап ап «атом бомба»,
Жар басынан жабылып құлатты жүз.
«Өлең шіркін өсекші» сырымызды,
Айтқызады айқындап ізімізді..
Сұғып алып байқамай қанатамыз,
Қыза келе қып-қызыл «бізімізді».
Ақындарды содан да жаратпайды,
Әкім-қара маңына жолатпайды.
Әлдеқалай жиында сөз сұрасаң,
Не дейді деп аузыңа алақтайды.
Сия алмаймыз
«сыр» сақтап қанамызға,
Билік тұзын сепсе де жарамызға.
Тазалаумен келеміз жолымызды,
қатынасар халықпен арамызда.
Мағына бар айтатын әр сөзінде,
Тамызатын ып-ыстық нәр сезімге.
Өлең өксіп қалмас-ау, жетімсіреп,
Халық деген анасы бар кезінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter