Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
168
Биға әжеме
Әжімі мол жүзің қайда?
Аңсадым!
Ағарған шаш көтеріп жүр қанша мұң?!
Саулығымызды тілеп күбірлейсің бе әлі, апа,
Жұлдыздарын кеудесіне тақса түн?
Жүрсің бе тігіп көзіңді мұнар алысқа?
Жетектеп жүр ме қолыңнан тағы бала ұстап...
Қателіктерден, апа, жүрсем де талай опық жеп
Сәттерім менің таусылар емес адасқан.
Мазасыз ойлар жүр ме әлі саған ұялап?
Жыр жазып жүрем қолымды жиі сиялап.
Жүзіңе келіп қосылса бүгін бір сызық
Кінәлі санап өзімді, апа, ұялам
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter