Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
98
Бәрі де қойғандай кеңесіп...
Бәрі де қойғандай кеңесіп:
Сол өмір.
Сол өлең.
Сол есік!
Көрмеге келгендей отырам,
Бөлмеде сәл ғана жел есіп.
Кеткендей құтын да Тәңір ап,
Бәрі де тұрады-ау қаңырап.
Бұл жерде маздаған Өмір мен
Өлім бар азырақ!
Қапысыз қапқандай сор келіп –
Шекеңді сұп-суық тер көміп,
Өзің де бұйым боп көрмелік
Жылағың келеді шерленіп.
Жарты әлем жан-жаққа жөнесіп
Кетсе егер...
Ендігі көр есіп!
Күнәсіз көзімнің алдында:
Сол өмір.
Сол өлең.
Сол есік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter