Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  143


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Түрегеліп, тіктеу үшін еңсені...

Түрегеліп,
тіктеу үшін еңсені
Мендік ғұмыр– күту,
күту тек сені.
Мұнда– мола.
жапырақтар кемсеңі,
Анда– кеңсе,
ғимараттар еңселі.
Қара шатыр
алданатын қар аулап,
Мұнда– қаңтар,
жарым көңіл, жадау бақ.
Ана жақта– аялдама, жанталас
және аспан жанып тұрған алаулап.
Қысқа күнде жүз құлайтын,
жүз тұрып–
Базбір әуен
естілетін үздігіп
Мына жақта– мешеу тірлік, ауру,
Үнсіз көше
көрсетпейтін ізгілік.
Жадырауды шығарғасын жадынан
Мына төбе әрі суық, әрі паң.
Ана жақта– шулы даңғыл,
жарнама,
жатжұрттықтар айналаңда,
жарық ән.
Ана жақта–сарсаң тірлік, сабылыс,
Мына жақта–сарыуайым, сағыныш.
Мендік ғұмыр– Сені күту,
тек Сені:
аты- өлең, заты- құс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу