Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
126
Қаламаймын әйтеуір, тоң сақтауды..
Қаламаймын әйтеуір, тоң сақтауды
Саған жазған жырымнан моншақ жауды!
Бар тілегім - өшірмей өткен күнді,
Біздер жүрген ұмытпай қалсақ бауды.
Қаламаймын барлығын ұмытуды...
Жанарымды тамыздың түні жуды!
Жаны нәзік ақынға кездескенде
Ұмытпашы жүрегін жылытуды.
Қаламаймын түндерді мұңы қалың,
Бүтінделмей кеттік-ау, сынық әнім!
Бірақ, сенің жалғыз-ақ сәлеміңнен
Ұлылығын жаныңның ұғынамын.
Қаламаймын өткеннің шырғалаңын
Сағыныш боп мен талай сырғанадым.
Бәрі де өтті, алайда, есіміңе
Мен әлі де неге екен шырмаламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter