Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
131
Айдалада
Айдалада,
аспан асты, сетер құз,
Соқа басым
жетектеген соқыр мұң
Ай жарығы,
қаннен ғана қаперсіз
Қардың биін
тамашалап отырмын.
Қардың биі...
көрдіңіз бе, Сіз, оны
Ықыласпен,
көңіл бөліп, мән беріп?
Пәктігімен
көздің жасын үзеді,
Ақтығымен
барлығына бәлденіп.
Қардың биі
таңғажайып, тым нәзік,
Қайталанбас
қимылы бар және де.
Менің шерлі көкірегіме
жыр жазып,
Көңілімді көтереді
әуеге.
Болмысына ең қолайлы,
әм берік,
Сахна ғып
көне шатыр, бұтақты
Қардың биі
қиялыма жан беріп,
Сөніп қалған
сезім отын тұтатты.
Қардың биі
тәрк ететін ластықты,
Қардың биі
нәті бөлек нұр сынды
Жүрегімді елжіретіп
тас тіпті,
Тағдырына тәнті етердей
тылсымды.
Қардың биі...
көрдіңіз бе, Сіз, оны
Ықыласпен,
көңіл бөліп, мән беріп?
Пәктігімен
көздің жасын үзеді,
Ақтығымен
барлығына бәлденіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter