Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2022
153
Сағынып жүрмін сол аңыз кезді...
Сағынып жүрмін сол аңыз кезді,
Есейдім, онда он жетідемін.
Бал тілді балғын, балауыз сөзді,
Баланы қимай ержетіп едім...
Сыйлаған сонда дала гүлдерін,
Есімде... қыздың есімі қалған.
Пах!!!
Қайран менің дара күндерім,
Балалығымның бесігі болған.
Тау менен ойдың бал бұлағынан,
Жұпарын күннің сіңірді кеудем.
Қара бала едім, арғымақ-ұлан,
Аға болып бүгін біреуге...
Өмірдің жолыбасталарда ұлы,
Адамды арман алдаған жоқ-ты.
Қайтейін... қош бол, қош балалығым,
Ұмытпағайсың Қалмаханбетті!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter