Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
93
Бітпеген әңгіме
Есентайдың бойы бұл. Ғашық мекен.
(Ағыны асау қай жаққа асықты екен?!)
Менің ынтық, жоқ жыртық жүрегіммен
Жалғызыма жол салшы ашық төте, ең.
Бойымда жоқ ашылар батыл дарын,
Татқызбадың бақыттың татым балын.
Жүрегімді ала ұшып жетіп бардым
Сол еді ғой жаныңа шақырғаның.
Әңгімеде айтпадық қарық қылып,
(Үнсіздікпен алдым ба, жалықтырып?)
Есімді алған пенденің дәл қасында,
Тіл күрмеліп, көңілім қамықты, ығып.
Орындықта екеуміз таң аттырып,
Жайғасыппыз шала ұйқы қанатты іліп.
Ертегідей сәтте осы естен кетпес
Риза едім-ау қалса да сағат тұрып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter