Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  113


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жұмбақтық

Мен сірә,
Күңгірт тартқан бөлмемін,
Жоқ тіпті әйнегі.
Сырттағы жарықтан кендемін,
Енбейтін Күн нұры, Ай демі.
Қараңғы күптеген көрдемін
Әуені іштегі әурелі
...Бейнемді көрмеген ел менің...
Мен жанмын,
Бір түйір мұңы бар ең ескі
Шалғайдан іздеген ықтасын...
Көңілі жұмбақтау көмескі
Белгілі ешкімнің ұқпасы...
Ерінбей әз жаным егесті
Сонда да бақыттың тұтқасы
Түспеді... Өрлемей түк тасы...
Әйтеуір жұмбақпын,
Шешімі, білмеймін бар дей ме?!
Әумесер, жынды-ақпын
Ақылды, ал кейде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу