Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
176
Шүкір
Кеше ғана көл-көсір мақсат құрып,
Бөрікті аттым аспанға бап шаптырып.
Отыр едім,
Есіңді жи, дегендей-ақ
Тәңір бүгін қойғаны-ай ақсақ қылып.
Кеше жүргем алшаңдап, қадам басып,
...Бүгін жүру болмай тұр маған нәсіп.
Мақтаныштан, мастықтан,
О, тоба-ай, ә?
Кіреді екен өзінен адамға сұқ.
Иә, Құдайдан келетін үкім берік,
Қаларымыз белгісіз бүтін-кеміп.
Төрт құбылаң тең болып,
Атқан таңға
Шүкір делік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter