Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
118
Жүрек сөзі
Жабар қайғы іштегі кім есігін?!
Жолдарын да ұмыттым күресудің...
Білесің бе,
Жарығым, жанартауым?
Сенің ғана жүректе тұр есімің...
«Кетпе» деймін,
Көзімнен оқы мұны
Жүрегімде сезімнің от ілімі.
Көптен бері ұрымтал сәтті іздеп жүр
Ұрыс деген ұнамсыз соқыр ұры.
Құламасын төрдегі байрақ-сезім,
Көңілімнің ордасын жайнатшы өзің.
Ажыратпай ортаны,
Бекем ұста
Жүрегіңнің жүрекке байлап сөзін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter