Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  101


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жүрегімді әкетші

Санамда асау сауалдар тебісті мың,
Басар екен мынау қат ренішті кім?
Білмейді ғой, білмейді ішімдегі
Жұлмаланған жүректің ел ұсқынын.
Мұң қуалап ой-бала тыным бермей,
Дәл осылай жанымды тілімдер ме, ей?
Қайғы сотқа жетектеп әкелген соң
Үкімімді күтейін бүгін де өлмей.
Іштегі өртті өшірер кімім барсың?
Өрт-сағыныш жандырды құбылған сұм.
Кетпеген соң күл болып өкініштен
Құр терісі қалбиған қыңыр жансың...
Сезімнің де сертті оты ұшқан ба?
Сын сағаты осынша көп ұстар ма?
Жүрегімді әкетші, құшағыңа ал!
...Қажет емес? Таста онда қоқысқа ал да...
Олай істеме тек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу