Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
105
Сүйініш сұрағы
Арада айыпсыз-айыпты
Ұрыстар. Кінәсіз-кінәлі.
Қайсыбір жағымсыз жай ұтты?
Қайсысы бітпейтін мұң әні?
Тергейтін тоқтаусыз тірлік көп,
Емдейтін сөздер мың ортада.
Жиекке жұтатын тұрдық кеп,
Бақыттың шынысын қорқа ала...
«Кет» дедік, «кел» дедік, «бітті» деп,
Бағытқа қарадық қос тарап.
Құдайдан көрмедік құт тілеп,
Жолымыз жоқ па еді қосқан ақ?
Табыстық. Қоштастық. Көп рет
Қайғыға жол бердік қитұрқы.
Біздегі сезімнің кебі деп
Жамылып жетісті мұң-түлкі.
Күйініш. Сүйініш сұрағы?
Дерттер. Емделмес сор ғана.
Бітсе де шыдамның «шыдамы»
Білемін, сүйеміз сонда да...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter