Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  116


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сүю мен сену

Білмеймін, не жаздым дәл бұлай?
Сенбейсің, ашпай-ақ шындығын.
Ақиқат сыртқары қалды ұдай
Күдіктің үстінде сырғыдым.
Білмеймін, не істедім, не қылдым?
Ұрыстар ұрттатты зәһарын.
Сыйлайсың сәт сайын тегін мұң
Жазаның қолданып қатаңын.
Білмеймін, сөгесің жүз рет
Жазықсыз жүректі жыртасың.
Өткеннің өшпейтін ізі деп,
Жүдеттің жанымды жұлқа шын.
Білмеймін, керек пе білуім?
Өмірдің тастай сал, сотына-ақ.
Сіміріп қалайын мұң-уын
Жегенше күдіктен топырақ.
Білмеймін қоштасу сұрқы бар,
Көп салдың қызғаныш құрығын.
Жарығым, жадыңа түртіп ал
Сүю мен сену ол бір ұғым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу