Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  120


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Алысу

Мен сені мұңға ораймын, қара мамық,
Сен маған кигізесің сауыт-қайғы.
Демеуге біріміз де жарамадық
Осылай бастан сайран-сауық тайды...
Мен сені бақытсыз ғып біттім, білем,
Бақытты әлі бірге болмай тұрып.
Шаршадық, ұрыстардан ұқтырды рең
Жүрміз-ау жүректі өстіп оңбай тіліп.
Сен менің табаныма от бастырып,
Тергейсің, еш үлгертпей демімді алып.
Біз кешкен соғыс-күйді топтастырып
Тастайық, кетпейінше көңіл қалып...
Мен сені шын бақытпен жолықтырам,
Сен мені түсіне алсаң халімді анық.
Мінейік, қол ұстасып, жолға ытқыған
«Болашақ» тұлпарына жаным, барып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу