Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
126
Түңілме
Солғын тартты несіне көзің мөлдір
Даусыңнан да мылқау-мұң естіледі.
Мұңаюды білмеуші ең кезіңде ол бір
...Бұл күндер де, жаным-ау, ескіреді...
(Болмаса да жараңа ешкім емі...)
Сезім-күйме жүрістен жаңылысып,
Арманыңды кеткен бе ұрып, шағып?
Сағынышқа малынған «сары мысық»
Қойғаны ма санаңа құрық салып?
(Бақыт жолдан тайдырар құнықсаң, ұқ...)
Шаттық өлең оқыған түнің сағым,
Жүзіңде арай ойнаған күнің бұлдыр,
Жарығым-ау, дәл бұлай «үгілсе» әлің
Түсіреді сезімің құнын, құрғыр...
(Ол бақытты, ал сен...
Сен түңілдің құр...)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter