Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
96
Сүйеу сөз
Ол сені алдады ма?
Неге отырсың тепсініп,
Таңдар ұра?
Әттегені, әсер де етпейді екен
Жүрегінен бөлінген жанға дұға.
Білмей тұрып, серіңнің сырын анық,
Сезім әйтеу, әкетті шұғыл алып.
Бақыт-шыны бағасыз кеткен түсіп
Көзден кетті-ау, көл болған сынығы ағып.
Несіне егілесің?
Жүрегіңді әкеткен ұрлап кері
Өтіріктің бағасы қымбат па еді?
Кешіре гөр, кеше гөр, жанды-жалған
Жанарыңды, қоя ғой, құрғатпа енді...
Ол сені алдағаны,
Қасиеті ерге тән қалмағаны.
Адал-сері табылар, құрбан болма
Өзің жаққан сезімді жалғар әрі..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter