Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
99
Қайтейін!!!
Қайтемін?
Айырылған жүректі тынышынан,
Бір суыған, өзіңсіз бір ысыған.
Көңілімде сағыныш шырақ жағып
Жарты қанат жанардан мұң ұшырам.
Қайтейін?
Дала кезіп іздеймін, дидарыңды,
Тамұқ шаққа сәуегей сыйлар үнді.
Аңсай-аңсай сал болған мына маған
Шын шаттықпен сүйіскен қима күнді.
Күн күлмейді, бір сенсіз
Түн білмейді,
Қайғы-қамыт қаптаған құрғыр күйді.
Құрғап қалған көңілдің көлшігіне
Әлем жасын көнемін, тұндыр мейлі.
Қайтемін?
Қалауыңнан қалдым ғой аттай алмай,
Нұр бейнеңе кетем-ау, сәт таянбай.
Сылқым-күлкің, гүл-даусың, жұпар-исің
Кездессе егер, тұрармын тоқтай, аңдай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter