Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  100


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Бір

Бір бақытты алдың ба, көшірме етіп?
Бір шаттыққа бардың ба, есің кетіп?
Бес-ақ минут осылай алданасың
Арбала шын, жылайсың,
Есірме түк!
Бір бетперде киесің, арзанырақ
Бір сәттермен ойнайсың жанжал ұнап,
Сосын-сосын...
Тергейді жүрген ізің
Көрген істің кешегі әр заңы нақ!
Бір сезімнің серісі сенделтеді,
Бір рахаттар түсірер төрге ертегі.
Ал одан соң...
Жүректі мұң жұқартып
Бір-ақ сәтте қаптайды шеңгел тері.
Бір рет көріп өмірдің түзін «көркем»,
Бір күлкімен жаппассың,
Жүзіңді ертең.
Сол бір шақта жанашыр табылар ма,
Қатпарланған жүректің мұзын ертер?
Мың арман боп ар-сәби ақ тымағы,
Мың алдан кеп қайғы итке тап қылады.
Мың құлшыныс болғанмен,
Бойымызда
Бір күрсініс құзға кеп лақтырады....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу