Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
186

Елдегі тірегім, таянышым.
Елдегі тірегім, таянышым.
Сағынғанда бір жылап қояды ішім.
40-тағы басыңа қырау қонып,
40 түрлі ой кештім сол бояу үшін.
Елдегі жүрегім, жұбанышым,
Буырқансын бойында бұла күшің.
Қырқында ой кештім 40 түрлі
Саған тірлік қойған сан сұрақ үшін.
Елдегі енші бөлмес тетелесім,
Жақсылыққа жылдарың жетелесін.
Қырқыңдағы қырқаңда өзің де ойлан:
«Өткен өмір із-тозсыз кете ме шын?»
Елдегі жаны бірге жатырласым,
Миымдағы ой жасын боп шатырласын.
Алматыда жүргенмен аға атанып,
Не жақсылық жасадым пақыр басым?
Елдегі, бауырым-ау, бірге туған,
Елімді басып тұр ма мүлде тұман?
Алтайға арып-ашқан сəлем жолдап,
Қомданам Алатаудың бір басынан.
Елдегі тірегім-ау, жүрегім-ау,
Есімнен бір шықпай-ақ жүремін-ау ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇