Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
177

Санам – ақыл суатым...
Санам – ақыл суатым,
Қайтар ма екен қуатың…
Сарғаятын – мен едiм,
Сен ең шерiм жуатын.
Санам – сара жолбасшым,
Қысылғанда – қолбасшым,
Алдыңа кеп жүгiндiм,
Адасқаның болмаспын.
Санам – ақыл кенiшiм,
Сарабдалсың мен үшiн.
Салиқалы сөз айтсам,
Сен əперген жеңiсiм.
Санам, салқынқандысың,
Бiр сəт алқынғанбысың?
Тұрмыс билеп алмасын,
Билiктiң айт мəндiсiн…
Санам – ақыл суатым,
Қайтпасыншы қуатың.
Ой бағатын мен едiм,
Жол табатын сен едiң…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇