Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  142


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Салқын-ақ мына күн райы.

Салқын-ақ мына күн райы.
Қайтедi қазанның бұл айы?
Беймəлiм қаһардан сескенiп,
Кейуана бередi құдайы…
Iшiнен күбiрлеп дұғаны,
Түнiмен көз iлмей шығады.
Сескенткен беймəлiм қорқыныш
Маңайдың бəрiнде бұғады…
Қазан ай, кейуана, кəрiлiк,
Кете ме жүрегi жарылып?
Жас өмiр, жанын жеп жүрген-ау,
Өсу мен өшудiң барын ұқ…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу