Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  113


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көшiп кетiпсiң Сен.

Көшiп кетiпсiң Сен.
Байқалмай өттi жылдар.
Өзiмдi жетiк бiлсем,
Мұңым бар, шаттығым бар.
Кеудемде алағызған
Бiр жауын жауып жатты.
Белгi жоқ бала қыздан,
Кеземiн ауыл жақты.
Көремiн көзтанысты,
Тосырқай сəлем берген.
Кеудемде қозғалысты
Сен емес, əлем көрген…
Кетпейтiн Ай, Күн дағы
Сияқты орнап алған,
Жоқ қазiр қайғым-дағы,
Шулайды сондағы орман…
Бозбала дəурен едi,
Сұлу-тын жаны-дағы.
Бала қыз əурем едi,
Бақытын танымады…
Көшiп кетiпсiң Сен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу