Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
178

Қылқұйрықты мiнбедiм...
Қылқұйрықты мiнбедiм,
Қиялай шауып жүрмедiм.
Қазағы болдым қайрылым
Қала деген түрменiң –
Ақтылы қойым айдамай,
Алалы жылқым байламай,
Қыс қыстауым қыстамай,
Жаз жайлауым жайламай…
Саптама етiк кимедiм,
Салп-салп етiп жүрмедiм.
Сардаланың самалын
Сағынуды бiлмедiм.
Соқпағына түсе алмай,
Сайрағына шыға алмай,
Сары қымыз пiсе алмай –
Сорым неден ұға алмай.
Шортанбай мен Дулаттың
Құлақтарын шулаттым…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇