Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
127
Жаны да нəзiк – мен едiм,
Жаны да нəзiк – мен едiм,
Қаны да бұзық – мен едiм.
Елжiрегенiмде ерiдiм,
Қатайғанымда қарайдым.
Желден де жұмсақ – мен едiм,
Жерден де қатты – мен едiм.
Жыласаң, жылар сел едiм,
Құласаң, қара жер едiм.
Жаны да нəзiк – мен едiм,
Қаны да бұзық – мен едiм.
Табыса қалсам, тату ем,
Тiресе қалсам, телi едiм.
Желден де жұмсақ – мен едiм,
Жерден де қатты – мен едiм.
Сүйсiне қалсам, сүйер ем,
Түйiле қалсам, түйер ем.
Жаны да нəзiк – мен едiм,
Қаны да бұзық – мен едiм,
Желден де жұмсақ – мен едiм,
Жерден де қатты – мен едiм.
Түсiнбей жүрген ел едiң
Түк айта алмай келемiн…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter