Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
119
Қайран көңiл көз алдынан өткiздi...
Қайран көңiл көз алдынан өткiздi,
Еритұғын мезгiлдегi көк мұзды,
Жылғадағы суға айналған ақ қарды
Дала даусын, елеңдеген бақтарды.
Қайран көңiл көз алдынан өткiздi,
Көктем болып көлбеңдеген көп қызды.
Жауқазыны желбiреген қырларды,
Ет жүрегi елжiреген Нұрланды…
Қайран көңiл, қайран көңiл, көңiл-ай!
Көңiлiмдi сан қалдырған өмiр-ай…
Күннен қуат, айдан медет сұрадым
Ендi өзiң бiл, қушыкеш күн, жемiр ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter