Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  187


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ертiс бол да, Есiл бол.

Ертiс бол да, Есiл бол.
Ел ұнатқан шешiм бол.
Екпiндете соқпасаң,
Бастап жүрсiң несiн қол?
Өзен бол да, теңiз бол.
Жалқы бол да, егiз бол.
Бiр аяғың сегiз бол.
Бiр аяғың тоғыз бол.
Теңiз бол да, терең бол.
Болат бол да, берен бол.
Досың келсе, жабы бол.
Дұшпан төнсе, белең бол.
Жайдақ бол да, жаға бол.
Қылығыңды бағады ел.
Iзетiңмен iнi бол,
Құрметiңмен аға бол.
Еш бəлеге болмай кез,
Бар қиынға талмай төз.
Болсаң – бəрi бол дағы
Бола алмасаң – бордай тоз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу