Өлеңдер ✍️
Ұ.Е-ке
Сақалыңа ақ ендi,
Не iстейсiң, аға, ендi?
Жүрегiңе жүк артпай,
Денсаулығың бақ ендi…
Шашыңда да күмiс жүр –
Жыр ма, жыл ма, кiм ұшқыр?
«Сəбимiн» деп аңсайды,
Перзентiн пүлiш қыр…
Табан тiреп шəрiге,
Айналамыз кəрiге.
Айырбастай бастаймыз,
Денсаулықты дəрiге.
Жазылды осы маңдайға,
Тати ма осы таңдайға?
Шулы шаһар шаршатса,
Даладағы əн қайда…
Жайсаңдағы жаз қайда,
Жайсаңдағы наз қайда?
Сағыныштан дерттi боп,
Қайран жүрек тозбай ма…
Қолаттағы құм қайда,
Құмға сiңген үн қайда?
Қоңыр мұңы қой көздiң,
Тереңiне тұнбай ма…
Балғын шақтан өлеңнiң,
Бодауына жөнелдiң.
Бақытты дер бiреулер,
Ал мен қалай сенермiн?…
«Бақыт» дейдi, азап – ол.
Дала ұлына тозақ – ол.
Жүрегiне жүк түсiп,
Қиналғаннан жазады ол.
Қалада өмiр өтедi,
Далада ой жетегi,
«Екi ортаны жол еткен
Жолаушың де», жетедi…
Ендi мiне, шалдығып,
Шаршағанын қалды ұғып.
Көз жiберiп қараса,
Арты – сайрақ, алды – үмiт…
…Сақалыңа ақ ендi,
Не iстейсiң, аға, ендi?
Ұры күннен бiр сатқын,
Есiгiңнен сақ ендi…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter