Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
137

Есiмде жоқ,
Есiмде жоқ,
Ештеңе есiмде жоқ.
Жаңбырым да – кеудемнен өшiрген от,
Қайғы-мұң да – етiмнен кесiлген ет,
Айбыным да – еш кеткен есiл көмек…
Есiмде жоқ,
Есiмнен шыққан бəрi,
Елегзiсiн естi жас, ұққан кəрi,
Шiлденiң шақырайып шыққан күнi,
Қаңтардың қойыныма тыққан қары…
Есiмде жоқ,
Есiмде не қалады?
Жасыма жас қосылып жамалады.
Жүректе жүрген бiтпей берiшiм бар –
Жылдардан жыл озса да со қалады…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇