Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
147
Ақ кеме
Сəбимiн – мен…
Сəл алдаса, уанам.
Тал бүрлесе, қоса бүрлеп қуанам.
Мен туралы «Ақ кемесi» Шыңғыстың,
Түсiмде ылғи тiл қатады Бұғы-Анам.
Жиi-жиi көрiнедi Ақ кеме.
Жиi-жиi жорытамын əпкеме.
Күтiп-күтiп күн сап ұзақ қараумен,
Ораламын өкпе қосып өкпеме.
Қарасуым мөлтең етiп тұнады.
Қарашығым қара аспан боп жылады.
«Қарағым-ау, қайда жүрсiң күнұзын?»
– Қара шалдың ылғи қояр сұрағы.
Селдiр-селдiр сақалы да ақ, шашы да ақ,
Ақ кемесiн күткен менi қасына ап,
Əлдекiмге құмалақ сап отырар,
Ойларын да қырық тұсқа шашып ап…
Ақ кеме жүр айдын кезген балықтай.
Армандаймын жан нұрыммен жалықпай.
Бiр күнi менi ап кетедi алысқа
Жабағы боп жетiлгенде арық тай…
… Мен туралы «Ақ кемесi» Шыңғыстың…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter