Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  114


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көрiктi көктем күндерiндегi...

Көрiктi көктем күндерiндегi,
Алманың аппақ гүлдерiндегi,
Тұнып бiр қалған нəрiндей тəттi –
Қылықтым менiң бiр көрiнбедi.
Нəресте-сынды, күлкiсi жұмбақ,
Көзiнде маған аян бiр мұң қап,
Алманың гүлiн аялап жүр ме,
Көктемнiң үнiн елжiрей тыңдап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу