Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
118

Қаңқылымен жасайтын далама наз...
Қаңқылымен жасайтын далама наз,
Қайдан ұшып кеп қалды саралақаз?
Көк құлағы қылтиды кеше ғана,
Күн-күн сайын күш алып бара ма жаз?
Сартұмсықтың сарғайған белестерi
Қар астында қалған күн елестедi.
Некен-саяқ ұшатын саралақаз
Сағыныштың белгiсi емес пе едi?
Екi-екiден жұптаса ғұмыр кешiп,
Құс тiлiнде құсүйқы күбiрлесiп.
Ынтымақпен ыраңнан көк орады
Көк аспанда жатқанда дүбiр көшiп.
…Жауын бұлты селдетiп алды-дағы
Ауа көштi тауларға Талдыдағы.
Саралақаз сағыныш шөлiн басты
Қақ суына тұмсығын малды-дағы…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇