Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
166

Қайран, Абай!
Қайран, Абай!
Күрсiндiң-ау маңғанда айдалаға Ай,
«Мыңмен жалғыз алысып», бiр сəт мойып,
Беттерiңдi бiле алмай қайда, қалай…
Аттың басын бұрмақ боп Зайсан жаққа,
Сол кетiспен кежiрге ой салмаққа,
Оқталғанмен, алайда келмей қапсың,
Еңбегi – еш, тұзы – сор сорлы аймаққа.
Қайда барсаң айнымай алдан шығар…
Қазаққа өкпең қазандай болған шығар…
Iшкен у мен зарлы үн запыран қуып,
Жүрегiңнiң басына толған шығар…
«Қазақ» деген қалың ел, қайран жұрттың,
Бiрде – сылтың əлi күн, бiрде – бұртың.
Сол Зайсанда өзiңдi зарыға оқып,
Запы болды заманнан көңiл, шiркiн…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇